Назад

“Baiterek Venture Fund” АҚ Қазақстан-Испания бизнес кеңесінің 8-отырысына қатысты

Дата публикации: 2025-03-20

“Baiterek Venture Fund” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Төлеген Канапияев “Байтерек” холдингінің делегациясы құрамында Испанияға жұмыс сапарымен барды. Делегацияны “Байтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов басқарды.

 

Сапар барысында делегация Қазақстан-Испания бизнес кеңесінің 8-отырысына қатысып, испандық бизнес өкілдерімен, соның ішінде Xcalibur Smart Mapping компаниясымен бірқатар кездесулер өткізді.

 

Сапардың басты нәтижесі “Байтерек” холдингі мен Xcalibur Smart Mapping арасындағы келісімнің жасалуы болды.

 

Бұл құжат геологиялық барлау саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісім аясында Қазақстанда аэро-геофизика және геокеңістіктік картографиялау бойынша өңірлік орталық құру көзделген. Бұл орталық: геологиялық барлау саласына заманауи технологияларды енгізуге, ьабиғи ресурстарды басқару тиімділігін арттыруға, салаға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

 

Xcalibur Smart Mapping – табиғи ресурстарды картографиялау саласындағы халықаралық көшбасшы компания. Ол келесі салалар үшін геофизикалық зерттеулер жүргізуге маманданған:

 

• Тау-кен өнеркәсібі

• Мұнай-газ

• Жерасты сулары

• Геотермалдық көздер

 

Жасалған келісім Қазақстанға геологиялық барлау саласында инновациялық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Xcalibur Smart Mapping-тің заманауи технологиялары мен халықаралық тәжірибесі елдің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға және шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасайды.

 

“Baiterek Venture Fund” АҚ халықаралық әріптестікті дамытуды жалғастыра отырып, Қазақстан экономикасының негізгі салаларын цифрландыру мен инновациялық дамытуға үлес қосуды көздейді.