Назад

Қазақстан Армения мен Грузияға ет өнімдерін экспорттай бастады

Дата публикации: 2025-01-29

«Baiterek Venture Fund» АҚ-ның портфельдік компанияларының бірі – «EMC Agro» ЖШС мұздатылған шошқа етін Армения мен Грузияға экспорттауды бастады. Жыл басынан бері Арменияға 60 тонна, Грузияға 40 тонна ет жөнелтілді. Жалпы, бұл елдерге ай сайын 400 тоннаға дейін ет жіберу жоспарланып отыр, бұл компания өнімінің 50%-ын құрайды.

Бұған дейін компанияның өнімдері тек ішкі нарықта сатылатын.

Компания қазір Қытай нарығына шығуды қарастыруда. «EMC Agro» халықаралық FSSC-22000 сапа сертификатына ие, бұл оның шошқа еті өнімдерін халықаралық нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді.

2024 жылдың маусым айында Қытай ет қауымдастығының өкілдері өндіріс орнымен танысып, жылына 20 мың тонна шошқа етін сатып алуға қызығушылық білдірді. Қазіргі уақытта «EMC Agro» ҚХР-дың ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізушілер тізіліміне ену бойынша жұмыс істеуде.

 

Анықтама:

«EMC Agro» – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында орналасқан компания. Компаия ет өңдеу және жеке дистрибуциямен айналысады.

Жобаның бірінші кезеңі 50 000 бастан 100 000 басқа дейін шошқа бордақылау кешенін кеңейтуді қарастырып, 2021 жылдың тамызында іске қосылды.

2023 жылдың қарашасында екінші кезең іске қосылып, кешеннің қуаттылығы 100 000 бастан 150 000 басқа дейін артты.

Үшінші кезеңді 2025 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарлануда, ол кешеннің қуаттылығын 200 000 басқа дейін ұлғайтады.

Қазақстан бойынша компания өнімдері сатылатын 15 сауда нүктесі ашылды. Олар Астана, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Щучинск, Тайынша қалаларында және Бескөл ауылында орналасқан.