Дата публикации: 2024-11-04
«АзияАгроФуд» АҚ-ның крахмалопаток зауытының өндірістік қуатын арттыру үшін инвестиция тарту жөніндегі өтінімін қарастыру аясында «Baiterek Venture Fund» АҚ Басқарма Төрағасы Алматы облысында орналасқан «АзияАгроФуд» АҚ өндірістік кешенін аралады.
«АзияАгроФуд» АҚ – Қазақстандағы құрама жем, крахмал патокасы және бидай ұнын өңдеу саласындағы көшбасшы әрі жұмыс істеп тұрған кәсіпорын.
Компания өз өнімдерін Қазақстанда және экспортқа (Қытай, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан) шығарады.
Кәсіпорында шамамен 500 қызметкер жұмыс істейді.
Қазіргі таңда компания тәулігіне 400 тонна бидай өңдейтін ұн комбинатына, тәулігіне 160 тонна жүгері өңдеп, крахмал және глюкоза сироптарын шығаратын комбинатқа, сондай-ақ тәулігіне 600 тонна өнім шығаратын құрама жем зауытына ие.