«Baiterek Venture Fund» акционерлік қоғамы 2014 жылғы 23 мамырдағы «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің шешімімен құрылды.
Қор бизнес-жоспарларды және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу сатысында жобаларды іздену мен қаржыландыруды жүзеге асырады. Сонымен қатар Қор BFS (bankable feasibility study) сатысына дейін істеуді талап ететін жобаларға, сондай-ақ іске қосар алдында дайындық жұмыстарын аяқтау сатысындағы жобаларға қатысуды қарастыруға ниетті. Қордың қызығушылық ошағына есеңгіреген активтер және кейінгі сауықтыру мен қайтадан іске қосу мақсатымен капиталды қайта құрылымдауға мұқтаж жобалар кіреді. Инвестициялаудың мақсатты секторлары Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аса басымды салалары болып табылады (МИИДБ).
«Baiterek Venture Fund» АҚ-ның 100% акционері «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ болып табылады